Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі бақылауына алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тағы да оқыңыз: Теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды, - деп жазды Ақорда әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.