$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы «KSP Steel» ЖШС-нің металлургиялық кәсіпорнында болды

Елбасы онда ферроқорытпа және шарболат өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды skifnews.kz.

Қазақстан Президенті зауыт өнімдері отандық өнеркәсіптегі жаңа бағыт екенін және оған нарықта сұраныс барын айтты.

— Жаңа өндіріс болат өнімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы кәсіпорынның жақсы перспективасы бар, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік корпустарды аралап көрді және кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.

KSP Steel» ЖШС–нің ферроқорытпа өндірісінің жобасы жылына 30 мың тонна ферросиликоалюминий өндіруді көздейді. Ол жобалық қуатына жеткенде 371 жұмыс орны қамтамасыз етіледі. Шарболаттар шығаратын цех құрылысының жобасы тау-кен байыту, энергетикалық және өзге де кәсіпорындарға қажетті әртүрлі диаметрдегі ұнтақтаушы шар шығаруға бағытталған. Жобалық қуаты жылына 48 мың тонна өнім өндіруге есептелген кәсіпорында 69 жұмыс орны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары