Қарсы алу рәсімі салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылының сап түзеуінен басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Қарсы алу рәсімі салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылының сап түзеуінен басталды. Қарауыл бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға баянат берді.
Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады, деп жазады Kazinform.
Фото: Адлет Беремкулов/Kazinform
Одан әрі Виктор Орбан мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді.
Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, ілтипат білдірді.
Фото: Адлет Беремкулов/Kazinform
Бұдан кейін екі ел басшылары Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.
Мажарстан Премьер-Министрі Құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қ.Тоқаевпен кездесуге өтті.