$ 441.66  475.14  4.86

Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады

Ол мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Ол мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары