$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құра алады

Саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін айта кеткен жөн.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Мәжіліс жалпы отырыста қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мен жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген.

 Қазақстандықтар кемінде үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құру мүмкіндігіне ие болады (бүгінде ол үшін кемінде он адам қажет). Бұдан бөлек қолданыстағы заңнама нормаларға сәйкестендіріледі, атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі айқындалады, сондай-ақ басқа да мәселелер құқықтық тұрғыда реттеледі.

Заң жобасы аясында Азаматтық кодекске, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» зандарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізіледі.

 Саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін айта кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары