$ 494.87  520.65  4.91

Сирия оппозиционерлері Астанаға келмейтін болып шешті

Сирия қарулы оппозициясының делегациясы Астанада өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзіне келмейді деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. Оның сөзінше, оппозиция өкілдерінің Астанаға келмейтіні туралы ақпарат кеше кешке түскен.

Астанада үшінші рет өткен Сирия бейбіт келіссөзі 14 наурызда басталып, 15-де аяқталады деп жоспарланған еді.

Кездесудің алдында Сирия қарулы оппозициялық топтары Сирия үкіметі мен Ресейді бітімді орындамай отыр деп айыптап, келіссөзге қатыспайтынын мәлімдеген.

Бірақ кеше екі күндік келіссөзді қорытындылаған брифингте Ресейдің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев оппозиция делегациясы 16 наурызға қараған түні Астанаға келуі мүмкін екенін айтқан.

Ол осыған байланысты келіссөзге қатысып жатқан Ресей, Түркия және Иран делегацияларының бір бөлігін Астанада қалдыратынын жеткізген.

Дереккөз: Сentralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары