$ 443.44  480.51  4.88

Тоқаев келесі жылы елімізде СПЕКА-ның панельдік сессиясын ұйымдастыруды ұсынды

Қазақстан Президентінің пікірінше, Астана СПЕКА-ны институционалдандыру процесін қолдайды.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитінде сөз сөйледі. Қазақстан Президентінің пікірінше, Астана СПЕКА-ны институционалдандыру процесін қолдайды. Бұл аймақ елдері арасындағы көпжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тиімді ілгерілету үшін аталған бағдарламаның орасан зор әлеуетін толық пайдалануды көздейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұған қоса, келешекте серіктес мемлекеттер мен БҰҰ институттары өкілдерінің СПЕКА-ға жаңа қатысушы ретінде қосылғанын қуана құптаймыз. Елдеріміздің үкіметтеріне СПЕКА-ның арнайы жұмыс тобын құру жөнінде тапсырма берген дұрыс деп санаймын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, келесі жылы маусым айында елімізде өтетін кезекті Астана халықаралық форумы аясында СПЕКА-ның панельдік сессиясын ұйымдастыруды ұсынамын. Жоғары деңгейдегі бұл жиын бұрын-соңды болмаған заманауи сын-қатерлерге бірлесе жауап іздеу үшін әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған. Сонымен қатар СПЕКА-ның алдағы саммиттерінің бірін өзара келісілген уақытта Қазақстанда өткізуді ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін қорытындылай келе, бүгінгі Саммит Арнайы бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін нақты механизмдер әзірлеуге мүмкіндік беретініне, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық және стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары