$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев Өзбекстан президентіне сенім артып отырғанын айтты

Бүгін Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты серіктестіктің жаңа белеске шыққанын айтқан болатын. Сондай-ақ, Елбасы өзбек елінің басшысына үлкен сенім артып отырғанын да мәлімдеді.

"Мен Сізді Қазақстан жерінде бауырлас ретінде көруге қуаныштымын. Сізді күттік. Бұл президент ретінде алғаш келуіңіз. Өзбекстан халқының Сізді сайлауымен құттықтаймыз. Біздің стратегиялық серіктес, көршіміз және бауырлас елсіздер. Қазақстан өркендеуіңізге тілектес. Біз экономика өсімі, мәдени-гуманитарлық сала бойынша Өзбекстанға сенім артамыз, жеке Сізге. Сапарыңыз өнімді болу үшін бар жағдайды жасаймыз", - деді Елбасы Мирзиеевке.

Назарбаев екі жақты келісім аясында 75 құжатқа қол қойылатынын қоса айтты. 

"Келіссөздерді бастап кеттік. ашық шекаралар, көлік пен сауда бойынша істелген іс екі ел арасында сауда-саттықты арттырғанын айтқанбыз. Үлкен бизнес-форум өтіп жатыр. Екі елден 500 бизнесмен қатысып отыр. Миллиард долларды құрайтын 75 келісімшартқа қол қойылады. Бұл біздің тарихта алғаш рет болып отыр", - деді Қазақстан Президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы президент Ислам Кәрімовты еске алды. 

"Мен және Өзбекстанның түңғыш президенті Ислам Кәрімов қарым-қатынастың негізін салғанбыз. Менің бұрынғы досым. Жатқан жері жайлы болсын. Біз бұл дәстүрді бауырлар ретінде жалғастырамыз. Жақын елдер, адал көршілер бір-бірімізге көмектесіп, екі елдің құшағын ашамыз", - деп атап өтті Назарбаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары