06.12.2023, 09:20

Мемлекет басшысы Финляндия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сондай-ақ біз энергетика, инвестиция, «жасыл» өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, – делінген жеделхатта.