$ 498.34  519.72  4.85

Президент Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Мемлекет басшысы Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әбілқайыр Сқақов:

– әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бері және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді;

– әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе өскені жөнінде баяндады;

– азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайында айтты;

– МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, Қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі. 

Мемлекет басшысы Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары