$ 498.51  522.84  4.81

Парламенттегі депутаттарымыз өзге елдің азаматтары болып шықты

Қазақстанда бір басында екі елдің азаматтығы бар депутаттардың бар екені анықталды. Еліміздің Бас прокуратурасы Парламентте Ресейдің де азаматтары емін-еркін жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.

Ал қос азаматтығы бар адамның мемлекеттік орындарда қызмет етуі еліміздің заңын аяқ асты қылғанмен тең. Конституциямыздың басты талабын таптап жүргендер өзге емес күнара заң жазып, ай сайын жаңа құжат қабылдайтын депутаттардың арасында болып шықты. Еліміздің Бас прокуратурасы Қазақстан мен Ресейдің азаматтығын қосарлап алып Парламентте отырған бірқатар халық қалаулыларын анықтапты. Алайда, әзірге құзырлы орган мемлекеттік құпиямызға қауіп төндіріп тұрған депутаттардың аты-жөнін жарияламады.

— Екі елдің азамттығын алып, заң бұзған азаматтардың аты-жөнін алдағы уақытта міндетті түрде жариялаймыз. Олар қазір мемлекеттік қызметте, тіпті Парламенттің қос палатасында еңбек етіп, екі елдің де жеңілдіктерін бірдей пайдаланады. Яғни екі жақты зейнетақы, жәрдемақыға қарық болып жүр. Ал бұл біздің Ата заңымызға мүлдем қайшы келеді, — деді ҚР Бас прокуратурасы департамент басшысының орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков.

Қос азаматтығы барлардың басым бөлігінің Ресеймен байланысы бар екен. Сондықтан еліміздің прокурорлары Мәскеуге бірнеше рет хат жолдапты. Бірақ, әзірге көршілерміз қол ұшын созуға құлықсыз. Ал, мұндай азаматтар алда-жалда істі болып, іздеу жарияланса, екі елдің арасында жан сауғалап, ұстатпай кетуі әбден мүмкін.

Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Ресейдің көмегі мен қолдауы керек. Өйткені, екі елдің азаматтығын алған адамдар туралы мәліметтер мен екі мемлекеттің көші-қон саласындағы жалпы ақпаратын біріктіру керек. Ал, о баста мұндай келісім болмағандықтан, көршілеріміз әзірге келіспей отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары