Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы энергетика және мұнай химиясы, аграрлық сектор, азаматтық авиация саласындағы компания басшыларымен келіссөз жүргізген болатын.