20.01.2024, 01:30

Мемлекет басшысы Ватикандағы музейге барды

Фото: Ақорда

Президент Апостол сарайындағы Король залын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Ватикандағы музейге барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ватиканға ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сикстин Капелласын, Әулие Петр мен Павелдің Капелласын (Паолина Капелласы) және Апостол сарайындағы Король залын аралап көрді.

Президент экскурсия барысында Микеланджело мен басқа да көрнекті шеберлердің өнер туындыларын тамашалады, сондай-ақ Ватиканның бай тарихымен танысты.