2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Башқұртстан басшысының Қазақстанға алдағы сапары туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді. Сапар аясында башқұрт делегациясы «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес-форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады, - деді Айбек Смадияров.