Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады, - деп жазылған хабарламада.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.