06.02.2024, 16:20

Үкіметте ауыс-түйіс. Премьер-Министрдің орынбасары өз қызметінде қалды

Фото: Pixabay

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған. 2023 жылғы 3 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов та қайта тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.

Президент Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымында қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.