32 жыл егеменді болыпотырған ел үшін, Алматы-Астана автобанының болмауы - ұят құбылыс.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырыста Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындалды. Жиынға қатысты депутат, саясаттанушы Самат Нұртаза пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Президенттің кеңейтілген жиында сөйлеген сөзін толық тыңдап шыққанын және көп нәрсе айтылғанын жеткізді. Ең маңызды болып көрінген үш мәселе туралы тарқатып айтты.
Cыртқы саясат. Жол. Байлық.
“Президент дүниежүзінде жағдай өте күрделі” деген жұмсақ сөзінің артында, жағдайдың әлде қайда қиын екенін аңғаруға болады. Айналамыз соғыс немесе қырғи-қабақсуық қарым-қатынасқа толы көршілер. Ресей мен Украина, Қытай мен Тайвань, Әзербайжан мен Армения және т.с.с. Осындай өл-ара шақта, Қазақстанның дипломатиясы тыныш, сапалы, мүдделі жұмыс жасау үшін, ішкі атмосфера дұрыс болу керек. Елдің ішін түзесек, дипломаттар да алаңсыз өз ісін алып шығатынына күмән жоқ.
Жол.
Ес білгелі жолдың жыры біткен емес. Семей-Алматы, Семей-Ақсуат сияқты тозақи жолдармен 90-шы, 00-шы жылдары жүрген адам ретінде айта аламын. Жалпы президент жол мәселесін бірінші рет көтеріп жатқан жоқ. Талай айтты. Бірақ, жол саласындағылардың бітіргені шамалы. Әлде олар “наказание по Сыздықбековски” деген жазаны күтіп отыр ма, білмедім. 32 жыл егеменді болыпотырған ел үшін, Алматы-Астана автобанының болмауы - Ұят құбылыс.
Жол - логистиканы күре тамыры, туризмның негізі. Ақтау - Өскемен автобанын салу керек деп күліп те айттым, жылап та айттым. Бүкіл Қазақстанның қалалары бір-бірімен байланысу керек. Сонда нәтиже болады. Айтуға ұят - Қызылорданың қазағы Ақтауға бару үшін Ақтөбеге дейін жүру керек. Абсурд қой. Қысқасы, биыл Алматы мен Астананың жолы айнадай болу тиіс. Президент айтты - жасалады.
Байлар.
“Ұрланған капиталды Елге қайтару” деген ұран дұрыс. Алайда сол ұранды желеу етіп, өз еңбегімен байыған кәсіпкерлерге зиян тигізетін күштік құрылымның өкілдерінеде жазаны қатаңдату керек. Президент өз сөзінде нақты осы кейсты айтты. 1917 жылы Байларды қудалаған жүйенің немен аяқталғанын көрдік. Ұлт Олигархтар мен Кедейлерден тұрмайды, ұлтты тұрақтандыратын Орта тап. Орта тап азайған қоғамда - революцияның иісі шығады. Орта таптың көбеюіне Үкімет те, Қоғам да мүдделі. Кішіжәне Орта бизнесты қолдап, қудаламай, жағдай жасаса, қоғамда Орта таптың үлесі қосылары анық.
Эпилог: Тоқсан сөздің тобықтай түйіні - президент Олжас Бектеновке карт-бланш берген сияқты. Олжас Абайұлыға нәтиже көрсету керек. Ол көрсетеді, - деп сөзін аяқтады саясаттанушы.