$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Павлодар облысының әкімін қабылдады

Облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп; жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады;

73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;

Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген;

техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған;

облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген.

Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған; екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады;

облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған.

Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген; былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған.

Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары