20.02.2024, 20:30

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

Фото: Ақорда

Президент Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.