$ 443.44  480.51  4.88

Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Петропавлда жаңбыр және қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазгидромет 26 ақпанда Қазақстанның барлық аумағында республиканың жеті облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша бұрқасын, жел күшейіп, тұман түседі деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

26 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және Көкшетауда тұман болады.

26 ақпанда оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында және Алматыда кей жерлерде тұман болады.

26 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман болады.

26 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, бұрқасын болады. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкентте 26 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 26 ақпанда күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

26 ақпанда Қызылорда облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

26 ақпанда Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады.

26 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және Петропавлда жаңбыр және қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары