$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде қанша саяси партия тіркеле алмай жүр?

2023-2024 жылдары Әділет министрлігіне 17 өтініш түсті.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова тіркеуден өте алмай жүрген саяси партиялар туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тілшілер спикерден «Бүгінде қанша партия өтініш беріп, тіркеуден өте алмай жатыр?» деп сұрады.

«2023-2024 жылдары Әділет министрлігіне 17 өтініш түсті. Бірақ шешім әлі қабылданған жоқ. Тиісті рәсімдер қаралып жатыр. Заңға сәйкес шешім қабылданады», - деді Ботагөз Жакселекова Сенат кулуарында.

Спикер Yntymaq партиясына да тоқталды.

«Расында да, Әділет министрлігіне түрлі бастамашылық топтардан ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде Yntymaq та бар. Бастамашыл топ жүгінді. Бүгінде бастамашыл топқа растама берілді. Білуімше, олар тіркеуге құжаттарын дайындап жатыр», - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары