$ 442.05  474.14  4.74

Назарбаевтың Астанадағы балауыз ескерткішін алып тастаған

Жұмыстың авторы-гиперреалист суретші Айдос Есмағамбетов.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Yandex.kz
Фото ©️ Tengrinews.kz / Yandex.kz

Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайындағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз фигурасы жоғалып кетті. Ол осыдан алты жыл бұрын орнатылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Tengrinews.kz-тің дерегінше, бұған дейін экс-президенттің балауыз фигурасы мұражай залдарының біріндегі үстел үстінде тұрған.

Енді Назарбаевтың орнына сол үстелде армия генералы, кеңес және қазақстандық әскери көсем, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің балауыздан жасалған ескерткіші қойылған.

Музейдегілер Tengrinews.kz тілшісіне экс-президенттің фигурасы экспозициядан алынып тасталғанын, енді ол олардың қорында екенін айтқан. Ресми түсініктеме алу үшін Қорғаныс министрлігіне жүгінуді сұраған.

Айта кетейік, Назарбаевтың балауыздан жасалған фигурасы музейде 2018 жылы пайда болған. Жұмыстың авторы-гиперреалист суретші Айдос Есмағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары