19.04.2024, 13:20

Президент Ақордада Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Екі елдің әнұрандары шырқалды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.