$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев жаңа Цифрлық даму министрін қабылдады

Жаслан Мәдиев жасанды интеллектіні енгізу, AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаслан Мәдиев Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады.

Жаңа министрдің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан; реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған.

Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.

Сонымен бірге Жаслан Мәдиев жасанды интеллектіні енгізу, AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет беріп, отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.

Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары