$ 484.19  524.28  5.03

«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін» – Дональд Трамп

Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазіргі америкалық басшылықтың қабілетсіздігінің кесірінен сайлауға дейін қалған бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы eadaily.com дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өзінің президент ретіндегі мұрагері және бәсекелесі Джо Байденді меңзеп, оның кесірінен алдағы бес ай қауіпті екенін мәлімдеді.

«Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз. Өйткені қазіргі қарудың күші қорқынышты. Алдағы бес айда біз үшінші дүниежүзілік соғысқа ұшырауымыз мүмкін», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы «қорқынышты» қақтығысты шешуге уәде беретінін айтқан. Енді ол егер АҚШ-ты басқаруды жалғастырса, бұл қақтығыстың пайда болуына жол бермейтінін тағы қайталап айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары