$ 494.87  520.65  4.91

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Сондай-ақ туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды.

Сондай-ақ туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс.

Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.

Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Сондай-ақ өңірдегі су тапшылығын жою үшін «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын арттырып, жеке инвестициялар есебінен қосымша сумен қамтамасыз ету нысандарын іске қосу қажет. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары