Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылдың сәуір айынан бастап энергетика министрі қызметін атқарады
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев басшылық қызметімен қоса жақында министрлік құрамындағы ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) басшысы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде ҒТК отырысы өткен. ҒТК құрамына мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, ұлттық компаниялар мен университеттердің өкілдері кіреді. ҒТК жұмыс органы - Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығы.
Отырыста ҒТК төрағасы, оның орынбасарлары таңдалып, ғылыми зерттеулер үшін басым бағыттардың тізбесі бекітілген. Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ҒТК төрағасы болып сайланған.
ҒТК төрағасының орынбасары ретінде энергетика саласындағы цифрландыруға жауапты вице-министрі Бақытжан Ілияс тағайындалды.
Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылдың сәуір айынан бастап энергетика министрі қызметін атқарады