11.08.2014, 09:44

Елбасы Режеп Тайып Ердоғанды президент болуымен құттықтады

Сурет: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Р.Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды skifnews.kz.

«Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды», делінген жеделхатта.

Ақорданың баспасө қызметі хабаралағандай, Мемлекет басшысы сондай-ақ Р.Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Р.Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.