Марк Рютте Қазақстанға жұмыс сапарымен келген.
Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рютте жұмыс сапарымен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды.