Елбасы Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ел Президенті Н.Назарбаев Р.Ердоғанды 2014 жылғы 10 тамызда өткен жалпыхалықтық президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Сондай-ақ, «екі мемлекеттің басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашағын талқылады», делінген ресми хабарламада.