$ 478.96  533.03  5.22

Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағы құрылмақ

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді. Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады. Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты. 

Оның айтуынша, 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған. Министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары