$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» бірлестігінің төрағасын қабылдады (ВИДЕО)

Өмірзақ Озғанбаев ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымының» бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары