27.06.2024, 10:40

«Діңкеш келіншектер садомазохизмді ашық насихаттауда» – Ахметбек Нұрсила

Коллаж: Sn.kz

Құқық қорғау орындары, депутат мырзалар қалай ойлайсыздар? Бұл қоғамды аздыру емес пе!?

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила сексолог блогер Әнел Қаржаубаеваның әлеуметтік желіде айтқан сөздерін қатаң сынады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасына жазды.

«Діңкеш келіншектер садомазохизмді ашық насихаттауда! Бұны миллиондар көреді!

Құқық қорғау орындары, депутат мырзалар қалай ойлайсыздар? Бұл қоғамды аздыру емес пе!?», – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ ол қоғамда орамал жамылып алып, жыныстық қатынас туралы айтатын әйелдер туралы ойын білдірді.

«Ислам дінінде неге  90% әңгіме тек секс болып келеді? Көзі тірі күйеуінің көзінше осындай әңгіме айту қазақ әйелі үшін масқара ғой», – деп жазып, ақ орамалды келіншектің видеосын жариялады.