Парламенттік каникул 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Депутаттар 1 шілдеден бастап екі айға жазғы демалысқа шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары бірлескен отырысында 8-ші сайланған ҚР Парламентінің 2-сессиясының жұмысы аяқталды, деп жазады Inbusiness.kz.
Отырыста тиісті қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 2 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы жабық деп есептелсін.
2. 2024 жылғы 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін парламенттік демалыс жариялансын», — делінген Қаулы мәтінінде.