Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары саммитте құжатқа қол қойып, Беларусь Республикасын қабылдады.
Бүгін, 4 шілде күні Астанада Беларусь Республикасы ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қатарына енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Саммиттің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь осы аралықта мүшелікке өтетін талаптардың бәрін орындағанын айтып, тиісті құжатқа қол қою туралы ұсыныс білдірді.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары саммитте құжатқа қол қойып, Беларусь Республикасын қабылдады.