Премьер-Министрдің баспасөз қызметі құрметті қонақтарды шығарып салу рәсімінен видео жариялады.
3-4 шілдеде Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 24-ші кеңейтілген саммитіне келген президенттерді ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов шығарып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі құрметті қонақтарды шығарып салу рәсімінен видео жариялады.
Бүгін кешке елден аттанған көшбасшылар қатарында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Қатар Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бар.