06.07.2024, 23:30

Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Фото: aqorda.kz

Халқының игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдап, иран халқының игілігі мен кемел келешегі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Тегтер: Президент