$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді қабылдады

Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға баса мән береді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық олимпиада комитетінің президенті  ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады.

Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары