$ 498.34  519.72  4.85

Елімізге Қырғызстан президенті келеді

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Фото: centralasia.news
Фото: centralasia.news

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия+Жапония» Диалогы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Астанаға келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар аясында Қырғыз көшбасшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Астанада өтетін алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының Саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай — ақ өңірлік өзара іс-қимыл перспективаларын талқылауға бағытталады, — деп атап өтті Мұратбек Әзімбақиев.

Сондай-ақ, саммит аясында Садыр Жапаровтың «Орталық Азия+Жапония» бизнес-форумына қатысуы жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары