08.08.2024, 13:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.