#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Президент «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мейіржан Юсупов жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты.

Мемлекет басшысына еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндалды.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары