13.08.2024, 17:54

«Махаббат деген осы»: Ерке Есмахан мен Raim ұлдарымен ерекше видео жариялады

Фото: Видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірген.

Ерке Есмахан instagram парақшасында Түркиядағы демалысынан ерекше отбасылық видео жариялап, елді сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан жұлдызды жұптың табиғат аясында ұлымен ерекше уақыт өткізгенін көруге болады.

"Сәулелі сәттерім үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын! Әйел, ана бақытын аңсап, күтіп жүрген әрбір жанға жұғысты болсын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірген.

"Көз тимесін. Сондай ел сүйсінерлік жұпсыңдар", "Балаларыңыз көп болсын. Бақытты болыңыздар", "Махаббат деген осы. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамасын", "Раймның жақсы көретіні көрініп тұр. Әйелін қайта-қайта құшақтап, сүйіп қояды", "Ерке дұрыс таңдау жасадың", - деп жазуда көпшілік.