02.09.2024, 15:20

ДСМ комаға түскен сарбаз Ербаянға көмектесуге әзір екенін мәлімдеді

Фото: видеодан алынған

Ербаянның жағдайы бақылауда.

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарға көмектесуге дайын. Бұл туралы сала министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен Парламенттің бірлескен отырысынан соң айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 6 айдан бері комада жатқан сарбаздың ісі: ІІМ жағдайды бақылауға алды (ВИДЕО)

«Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Бүгінде науқастың жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша персонал керек болса, қамтамасыз етеміз», – деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда орналасқан Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар Ербаянның алты айдан бері ес-түзсіз комада жатып, кейіннен үйіне шығарылғаны туралы жазғанбыз.