02.09.2024, 15:40

«Жеңісімді қазақ еліне арнаймын»: Әлем чемпионы атанған Санжар Ерұланұлы халыққа үндеу жолдады

Фото: olympic.kz

Финалда ол украиналық спортшыны иппон ұпайымен, мерзімінен бұрын жеңді.

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, кадеттер арасында әлем чемпионы атанған Санжар Ерұланұлы жеңісін барша жанкүйерге арнайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын. Менің жеңісім Конституция күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан, ерекше қуаныштымын. Енді бұл биікпен тоқтап қалмай, алға басамын», - деді жас спортшы.

Айта кетелік, Санжар Ерұланұлы Перу астанасы Лимада өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды. Финалда ол украиналық спортшыны иппон ұпайымен, мерзімінен бұрын жеңді.

Енді Санжар бастаған спортшылар Алматыда өтетін Азия кубогінде бақ сынайды.