Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады.
Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Aktobe Times сайтына сілтеме жасап.
Өңірде Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарала бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.
Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.
"Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.