11.09.2024, 16:00

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болып қалған

Фото: Men

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады.

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Aktobe Times сайтына сілтеме жасап.

Өңірде Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарала бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.

"Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.