18.10.2024, 02:30

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы сот алдында жауап береді

Фото: El.kz

14 қазанда желіде мәжілісмен Тұрлыхановтың Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемей, түнде қыдырғаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ҚАЖД өкілдері айтты. 

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемей, қыдырып салтанатты шараға барғаны видеоға түсіп қалған еді. Енді ол сот алдына қайта баратын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы сотқа сілтеме жасап. 

Соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Нұрасыл Болат ісі бойынша материалдар сотқа келіп түскен. 

Істі Медеу ауданының №2 соты қарайды. Алайда сот отырысының уақыты әлі белгіленген жоқ. 

Еске салсақ, 14 қазанда желіде мәжілісмен Тұрлыхановтың Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемей, түнде қыдырғаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ҚАЖД өкілдері айтты. 

 

16 қазанда депутат Дәулет Тұрлыханов "21 жастағы баласының өмір көрмегенін, әлі жас екенін" айтқан.