Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.
Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшылығымен өткен жедел кеңесте полиция департаментінің жаңадан тағайындалған басшысын жеке құрамға таныстырды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бауыржан Аленов 7 қазанда ол ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ішкі істер министрлігінің басшысы жедел-тергеу тобынан Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты істі тергеу барысын бөлек тыңдады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Полиция полковнигі Мейрам Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болған.
Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.
Әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Буембаев және қоғамдық кеңестің төрағасы Ескелді Қасымов Мейрам Әбікеевті жақсы білетіндерін айтып, министрге оны қызметке тағайындағаны үшін алғысын білдірді.
Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.