$ 494.87  520.65  4.91

«Арамызда ата мен балаға тән байланыс болды»: Мұхамеджан Тазабек Қонаевты еске алды (ВИДЕО)

Мұқа, давай! Әй, бұл Мұқаны тыңдаңдар!

instagram.com/mukhamedzhan_tazabek
instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Мұхамеджан Тазабек Дінмұхамед Қонаевпен қалай танысқаны туралы айтып, естеліктерімен бөлісті. Ақын өзінің Instagram-дағы парақшасында Дінмұхамед Қонаевпен танысқан кездегі бейнежазбалардан үзінді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұхамеджан Тазабек жастық шағын еске алды.

“1991 жылы Берден Байқошқаров ағамыз себеп болып, Қонаевтың үйіне бірінші рет бардым. Сәлем беріп, таныстық. 1992 жылдың қысында 80 жылдығына тағы да арнайы бардық. Мен сол дастарханда сағат бойы бірге отырдым”, – деп жазды ол.

Жас айтыскер отырыста арнау айтып, Қонаевтың қолдауына ие болған.

“Отырыста бір емес, бірнеше рет арнау айттым. Әр қолыма домбыра алып шыққан сайын “Мұқа, давай! Әй, бұл Мұқаны тыңдаңдар! Бұл Мұқа ғой” деп көтермелейді. Ол кезде баламын ғой түсінбеппін. Сөйтсем, мені көтермелеу арқылы төңіректе отырған адамдардың назарын аудартып, “кісі болсын, елді ойлайтын азамат болсын” деп беріп жатқан мотивациясы екен ғой...” – дейді ақын.

Айтыскер Қонаевтың өзіне берген қолдауы өмірде тұлға болып қалыптасуына себеп болғанын айтты.

“Болар елдің баласы” деген сөз содан шыққан. Бір-бірімізді қолпаштап жүрсек, керемет емес пе?”, – деді ол сөзін қорытындылап.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары