$ 495.2  522.34  4.94

Көкшетауда үйленген күні өлі табылған жігіттің ісіне қатысты облыс әкімі пікір білдірді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімшілік және басқа да жазалар қолданылады.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 22 жастағы Көкшетаулық Диас Сәкеновтің өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

 

12 қараша күні Көкшетау қаласында болған оқиға сол аймақты ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Отау құрған жас жігітті дәл тойы болатын күні Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өлтіріп кеткен. Мекеме басшысының айтуынша, оқиға 1,5 минутта болған. Ешкім көмектесіп үлгермеген.

Көпшілік күзетшілердің қайда қарағанын және жағдайды неге бақыламағанына наразы. Ал марқұмның туыстары тек әділ жаза талап етіп отыр. 

 

Облыс әкімі азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін барлық ойын-сауық мекемелеріне белгілі талаптар қойылғанын атап өтті. Ең алдымен, бұл бейнебақылау мен лицензияланған қауіпсіздіктің болуы. Енді қалада мұндай талаптарға сай келмейтін мекемелер анықталып, тіпті тізімі жасалатын болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімшілік және басқа да жазалар қолданылады.

"Қылмыстық іс аясында мекеме басшылығы қандай олқылықтарға жол бергені, яғни күзетшілердің қай жерде болғаны, неліктен құқық қорғау органдарына уақытында хабарламағандығы және т.б. жайттар анықталатын болады" – деді Ахметжанов.

Басылым сондай-ақ белгісіз біреулер оқиға орнынан фотолар таратып жібергенін жазды. Марқұмның туыстары мұны полицейлер жасауы мүмкін деп болжап отыр. Олардың айтуынша тараған суреттер құқық қорғау органдары түсірген суреттерге өте ұқсас.

 

Ақмола облыстық ішкі істер департаменті фотолардың желіге тарап кетуіне былайша жауап берді.

"Ішкі қауіпсіздік басқармасы Красный Яр ауылының тұрғынын өлтіру оқиғасы болған жерден алынған фото және бейнематериалдардың таралуына қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Осы тергеудің қорытындысы бойынша біз қылмыс жасағандарға және жеке деректерді таратқандарға қажетті шара қолданатын боламыз. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен блогерлердің назарына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес ешкімнің де оның келісімінсіз кез келген адамның бейнесін, тіпті қайтыс болған жағдайда да жақындарының келісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ екенін еске саламыз", - деп түсіндірді департаменттегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары